Біздің жетістіктер мен марапаттары


Ұлттық бренд

«Отандық дайын өнімді үздік экспортаушы» және « Ұлттық бренд 2008» республикалық байқауларының нәтижесінде «Жылдың үздік экспорттаушысы» номинациясы бойынша «Қайнар-АКБ»ЖШС жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы шығарылатын өнімнің сапасы мен әр түрлілігіне, жаңа технологияларды пайдаланатындығына, өндіріс көлемі мен жеткізілу географиясына ,терең дәрежелі қайта өңдеумен экспорт көлемін ұлғайтуына көңіл бөлді.


"Алтын Сапа" сыйлығы

Президенттің 9 қазан 2006 жылғы №194 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы ұйымның өнімінің және /немесе қызметтердің сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін конкурстық негізде жыл сайын беріледі.

Сапа саласындағы қол жеткізген жетістіктері үшін берілген Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы жылдың айтулы оқиғасы болды. Сыйлықты Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың табыс етуі бұл конкурстың еліміз үшін үлкен маңызы бар екенін білдіреді.

Сыйлық Қазақстанның жаңа экономикасын қалыптастыру, өз өндірісін дамыту және тауар мен көрсетілетін қызметтің сапасын үздіксіз көтеру мақсатында ҚР Президентінің 9 қазан 2006 жылғы №194 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу конкурсы туралы» Жарлығымен бекітілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау заманауи менеджменттің даму үрдісін ескеретін модель бойынша жүргізіліп, сапа бойынша Еуропа сыйлығының моделімен үйлестірілген. Сонымен қатар «Алтын сапа» сыйлығы өнім және қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін берілетін ТМД елдерінің сыйлығының талаптарына да сәйкес келеді. Аталмыш байқауда өндіріс басшысының көшбасшылық рөліне, сапа саласындағы саясаты мен стратегиясына, тұтынушының өнім мен қызмет сапасына беретін бағасына қатысты көрсеткіштердің мәні күшейтілген. Бұл модельді қолдану ұйымдарда сапа бойынша жасалып жатқан жұмыстардың деңгейін жете бағалауға мүмкіндік береді. Жыл сайын еліміздің 200-ге жуық кәсіпорыны «Алтын сапа» сыйлығына үміткер болады. Сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев табыс етеді.

В 2011 жылы "Қайнар — АКБ" ЖШС «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанды.

Өндірістік мәндегі үздік кәсіпорын:

- ірі кәсіпкерлік



"Сапа сертификатын" ендіру

2004 жылы маусым айында шығарылатын өнімнің сапасына жүйелі талдау үшін сапа менеджменті жүйесі енгізіліп, ISO 9001:2008 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес германиялық «TÜV» сертификатталды.

201 жылдың қараша айында «Қайнар » компаниясы екінші рет сертификаттаудан ойдағыдай өтті.

Халықаралық ұйым сертификаты автокөлік және трактор құрылысы зауыттарының құрастыру желісін жиынтықтау барысындағы талаптардың сақталуын растау болып табылады.


ISO 16949-2009: 2013 жылдың қараша айында «Қайнар-АКБ» ЖШС "ISO 16949-2009" стандарты сертификатын да ойдағыдай тапсырды. ISO/TS 16949 стандарты дүниежүзілік автокөлік құрылысы саласы шеңберінде автокөлік өнеркәсібіндегі өзара келісілген америкалық, неміс, француз және итальяндық сапа жүйесі стандартының ISO техникалық жағдайларын білдіреді. Ол автокөлік өнімін жобалау/әзірлеу, жасау, құрастыру және сервистік қызмет көрсету саласындағы сапа жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді.

ISO/TS 16949 стандарты автокөлік өнімі жеткізушілерінің барлық санатын қамтиды: кішігірім өндірушілерден бастап әлемнің кез келген жерінде қызмет ететін ірі трансұлттық корпорацияларға дейін. Бірақ ол жиынтықты жабдық нарығына арналған өндірістік және сервистік жиынтықтар дайындалатын обьектілерге ғана қолданылады.