Біз туралы

Талдықорған аккумулятор зауытының құрылысы 1970 басталып, 1975 жылдың қаңтар айында алғашқы 6СТ -75ЭМ аккумулятор батареясы шығарылды. Қысқа уақыт аралығында аккумулятор батареяларының мол түрлі топтамасы шығарылған еді. Талдықорған қорғасын аккумуляторлар зауыты аккумулятор батареяларын шығаратын КСРО аумағындағы бес өндірушінің бірі болатын.

«Қайнар – АКБ» компаниясы аккумулятор батареяларын шығаратын отандық тауар өндіруші болып табылады және «Самұрық-Қазына» Холдингінің отандық тауар өндірушілер тізілімінде тұр, сол сияқты «Интербат» аккумулятор өндірушілердің халықаралық одағына кіреді. Бүгінгі таңда «Қайнар – АКБ» ЖШС экономикасы дамыған және аккумулятор батареяларының аяқталған өндіріс бар әлеуетті кәсіпорын. Бұл дегеніміз, батареялардың барлық құрамы - құрағыштары мен бөлшектерін құюдан бастап дайын өнімді құрастыруға дейін зауыттың өзінде жасалады. Сондықтан біз өндірістегі шығынды ең төмен деңгейге дейін қысқарта аламыз, яғни біздің тауарымызға ұсынатын бағамыз да ең төмен болып табылады. Бұл осы сияқты басқа өнімдермен салыстырғанда зауыт өнімін ерекшелендіріп тұратын көп артықшылықтарының бірі. 2007-2008 жылдары негізгі өндірістік процестер жетілдіріліп, барлық цехтар мен участоктарда коммуникация мен жабдықтардың толығымен ауыстырылуы жүргізілді.

Аккумулятор батареяларының барлық халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа жабдықтарда өндірілуі өнім сапасына айтарлықтай әсер етіп, өндірістік қуатын арттыруға, шикізат пен материалдардың шығынын төмендетуге мүмкіндік берді. Құрал -саймандар “Sovema” (Италия), «Engitec Technologies LTD» (Италия), «MAC» ( АҚШ), «Digatron» (АҚШ), «Kustan» (Германия), «Teccominko» , «BTS» (Канада) «BM» (Австрия), «Sanhuan» және «Haitian» (Қытай) сияқты әлемнің алдыңғы қатарлы өндіруші-фирмаларынан сатып алынды. Сонымен қатар қорғасын-қышқылды аккумуляторлар өндірісінің үдерісі де жетілдірілді. Аккумулятор сынықтарын қайта өңдеуден (өзінің жұмыс істеу мерзімі біткен қорғасын-қышқылды батареяларын алдыңғы қатарлы еуропалық технологиямен кәдеге жаратудың заманауи жаңа цехы салынып, пайдалануға берілді) бастап, оны электрлі термиялық пештерде қайта өңдеу және қорғасынды тереңдете тазарта отырып, төмен сурьмалы, селенді, кальцилі қорытпалар алынып, ең соңында жаңа ұрпақ батареялары шығарылатын заманауи технологиялар пайдаланылады.

Жаңа технологияларды, жоғары сапалы материалдарды және активті салмақ үшін арнаулы қоспаларды қолдану нарықтың қатал талаптарына жауап бере алатын аккумулятор батареяларын өндіруге жағдай жасайды, сондай-ақ, тамаша жұмыс өнімділігін кепілдендіреді және шығарылатын өнім түрлерін молайтуға мүмкіндік береді. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экспортты ұлғайту жұмыстары «Қайнар – АКБ» ЖШС үшін үздіксіз процеске айналған. Шығарылатын барлық аккумулятор батареяларының Қазақстан стандартына (СТ-ҚЗ) және Ресей стандартына (РСТ) сәйкес сапа бақылауынан өтуі нәтижесінде тұтынушының ең жоғарғы талаптарын қанағаттандыратын өнім өндірілуде.

«Қайнар – АКБ» компаниясының өнімі өткізілетін негізгі нарық – ТМД елдері мен алыс шет елдері болып табылады, олар: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Беларуссия, Қытай, БАӘ және Қазақстан болып табылады.

Жоғарыда айтылғандар орасан зор техникалық, интеллектуалдық және кадрлық әлеуеттің жинақталуына жағдай туғызды. Кәсіпорында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар шығарылатын өнімге үнемі сапа бақылауын жүргізіп отырады, сонымен қатар аккумулятор батареяларын жетілдіре түсуге тырысады.

Біз әлемдік стандарттарға және клиенттердің нақты талаптарына сай келетін өз өнімімізге кепілдік береміз.